Спасибо ваша заявка принята

xl.cmp_36
t.kaliev@aurora.kz
Басқарушы Директор
xl.cmp_36

ӨМІРБАЯНЫ

Қазақстан, Көкшетау қаласында дүниеге келген.

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын мемлекеттік секторда бастады.

2012-2013 жж. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығында ГАЖ инженері, одан кейін ГАЖ аға инженері қызметін атқарды.

2013 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінде жұмыс істеп, сарапшы қызметінен жер қойнауын пайдалану департаментінің басшысы қызметіне дейін көтерілді.

Мемлекеттік қызметте Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссиясының, Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссиясының, Жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссияның белсенді мүшесі болды.

».